Руханият • 13 Қазан, 2020

Димаш "Қытай дауысы" жобасындағы қазақ қызына сәттілік тіледі

884 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемге танымал әнші, отандасымыз Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында "Қытай дауысы" жобасындағы қазақ қызының өнеріне тәнті болып, сәттілік тіледі, деп хабарлайды Egemen.kz

Димаш "Қытай дауысы" жобасындағы қазақ қызына сәттілік тіледі

Мәдина Думан "Қытай дауысы" жобасында Димаш Құдайбергеннің "Ұмытылмас күн" әнін айтқан еді.

"Бүгін біздің қарындасымыз Мәдина Думанның әдемі дауысын естідім. "Қытай дауысы" жобасының тәлімгері Ли Цзянь мырзаға менің әнімді таңдағаны үшін алғыс айтқым келеді. I am singer жобасында ауырып қалғаным есіңізде шығар, маэстро Ли. Жобаға қатысушы ретінде сіз маған сирек кездесетін дәрі-дәрмектерді әкеліп, менің тезірек жазылуымды қалап едіңіз", дейді Димаш.

Сондай-ақ Димаш Мәдинаға алдағы жарыстарда сәттілік тілеп, жүрекжарды лебізін жеткізді.

"Мәдинаға менің әнімді тамылжыта орындағаны үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді. Бұл әнді қалаған жерде айтыңыз. Мұндай әнді сен сияқты керемет әншінің орындауы мен үшін үлкен бақыт. Мәдинаға сәттілік тілеймін. Сенің атақты болатындығыңа сенемін", дейді ол.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025