Елбасы • 26 Қараша, 2020

Қытай Парламентінің cпикері: Елбасы халықаралық қоғамдастықтағы беделді саясаткер

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшу Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық деңгейдегі жоғары беделін және оның еліміздегі тарихи рөлі туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қытай Парламентінің cпикері: Елбасы халықаралық қоғамдастықтағы беделді саясаткер

Конференция қатысушыларына сөз арнаған Ли Чжаньшу Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетті қалыптастыру, оның саяси жүйесін жетілдіру және тұрақтылықты қамтамасыз ету жолындағы ерен еңбегіне тоқталды.

"Тұңғыш Президент Назарбаев – халықаралық қоғамдастықтағы беделді саясаткер болумен қатар, қытай халқының тілеулес досы ретінде ұзақ уақыттан бері қытайлық-қазақстандық тату көршілік және достық ынтымақтастықты нығайтып, Қытайда жоғары беделге ие болып келеді", деді Қытай Парламентінің cпикері.

Ли Чжаньшу қос ел арасындағы парламентаралық өзара іс-қимыл деңгейін жоғары бағалап, оның екі ел халқына да тиімді екеніне тоқталды. Сонымен қатар, Тұрақты комитеттің төрағасы ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының Қытай мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестік жан-жақты дамыту мақсатында ҚР Парламенті Мәжілісімен ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендігін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025