 
                                        «(...) Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі: мынадай мазмұндағы 48-тармақпен толықтырылсын: «48. Архивші күні – 22 желтоқсан», делінген Үкімет хабарламасында.
Үкімет қаулысы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілетіні айтылады. Құжат еліміздің премьер-министрінің ресми сайтында жарияланды.
 
                             
                                 
                             
                                             
             
             
             
             
             
             
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
             
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                