Аймақтар • 10 Қаңтар, 2021

Ольга Рыпакова өз таңдауын жасады

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеңіл атлетикадан олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова Парламент мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz

Ольга Рыпакова өз таңдауын жасады

Ольга Рыпакова Өскемендегі нөмір 47 мектепте орналасқан №2 сайлау учаскесіне келіп дауысын берді.

Спортшы кәмелеттік жасқа толғаннан бері бірде-бір сайлаудан қалмаған. Қайда жүрсе де, өз таңдауын жасап отырған.

– Сіздің дауысыңыз маңызды. Әрбір қазақстандық дауыс беруі керек деп ойлаймын. Өзім дауыс бердім. Елдің өркендеуі үшін көптеген шаралар, бағдарламалар атқарылып жатыр. Ал сайлаудан кейін ел дамуы жолындағы игі істер еселене беретіні анық, – деді чемпион.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінді

Экология • Кеше

Жүз жастан асқан кейуана

Аймақтар • 10 Мамыр, 2025

Ұлы дала жорығы басталды

Спорт • 10 Мамыр, 2025