Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021

Өскемендік жауынгерлер шеберлігін шыңдады

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөлімінде 2021 жылдың бірінші оқу кезеңінде бөлімшелердің, есептоптардың, құрылымдар қондырғыларының жауынгерлік атысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Өскемендік жауынгерлер шеберлігін шыңдады

Атысқа тартылған барлық құрылымдар 27943 әскери бөлімінің жоспарына сәйкес, жауынгерлік машиналар паркіне келіп, шартты ауданға маршты жүзеге асыру жөнінде оқу-жауынгерлік тапсырма алды.

Жеке құрамның қимылы анықталған соң, колонна оқу полигонына жол тартты. Марш кезінде мотоатқыштар бөлімшелері тактикалық дайындық бойынша нормативтерді орындаудан шеберліктерін шыңдады.

Оқу полигонында мотоатқыштар және барлау бөлімшелерінің жауынгерлік атысын сапалы жүргізу мақсатында барлау ротасының командирлері түрлі тақырыптарда нұсқаулық-әдістемелік дәрістер өткізді.

Сондай-ақ, диверсантты-барлау топтары мен есептоптар әуедегі қарсыластың шабуылдары кезіндегі және залалсыздандырылмаған ауданды жүріп өтудегі қимылдарды да меңгерді.

Жауынгерлік атысты «Шығыс» өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор - Асан Жүсіпов қадағалады.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35