Аймақтар • 18 Қаңтар, 2021

ШҚО-да зейнеткердің сандығына ұры түсті

561 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемендегі Полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 80 жастағы қала тұрғыны хабарласып, 2 млн теңге ақшасы мен ұялы телефонын ұрлап кеткенін айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да зейнеткердің сандығына ұры түсті

Кешкі сағат ондар шамасында пәтерін жалға алып жүрген азамат жатын бөлмесіндегі сандықта сақтаулы тұрған 2 млн теңгесін және қолындағы ұялы телефонын көзінше алып кеткен.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлерімен осыған дейін сотты болған 46 жастағы жұмыссыз анықталған. Азамат кінәсін мойындады», - деді ШҚО Полиция Департаментінің бастығы Сағат Мадиев.  

Іс бойынша алынған айғақ заттар иесіне қайтарылды.

46-жастағы азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 191-бабының 3-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінді

Экология • Кеше

Жүз жастан асқан кейуана

Аймақтар • 10 Мамыр, 2025

Ұлы дала жорығы басталды

Спорт • 10 Мамыр, 2025