Парламент • 19 Қаңтар, 2021

Қазақстан ЮНЕСКО саясатын әзірлеуге қатысады

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Онда «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы ЮНЕСКО аясында Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығын (2-санат) құру туралы келiсiмді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан ЮНЕСКО саясатын әзірлеуге қатысады

Осы Келісімді ратификациялағаннан кейін Қазақстанда ЮНЕСКО-ның мәдениетаралық үнқатысу саласындағы саясатын әзірлеуге қатысу мүмкіндігі пайда болады.

Сонымен қатар біздің елімізде ЮНЕСКО аясындағы Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық орталығы құрылатын болады. Ол жұмыс істеп тұрған «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» республикалық музейінің негізінде жұмыс істейтін болады. ЮНЕСКО аясындағы Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық орталығы келешекте осы саладағы ғылыми зерттеулер үшін өңірлік хабқа айналуы тиіс.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025