Аймақтар • 08 Ақпан, 2021

Павлодар облысында қатты жел мектептердің шатырын жұлып әкетті

1180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысында қатты жел мектептердің шатырын жұлып әкетті
- Павлодар облысы ТЖ департаментінің «112» пультіне сағат 12-00-де шатырдың бұзылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Баянауыл ауданының Ұзынбұлақ ауылында қатты желдің салдарынан Е.Бекмаханов атындағы үш қабатты ЖОББМ ғимаратының 60 шаршы метр шатыры ішінара бұзылды, - дейді ведомствода. 

р
 Оқиға орнында 1 қызметкер және 1 техника жұмыс істеді.

Сондай-ақ, 13 сағат 30 минутта Шарбақты ауданының Шарбақты ауылында қатты желдің екпіні 58 шаршы метр алаңда № 3 ЖОББМ екі қабатты ғимаратының шатырын жұлып әкетті. Оқиға орнына жеке құрамнан 2 адам және 1  техника шықты.

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50

Аққу әйгілеген ақиқат

Әдебиет • Бүгін, 08:35