Қазақстан • 10 Ақпан, 2021

Қазақстанның латын қарпіне ауысуы домендерге қалай әсер етеді?

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Qaz немесе QZ доменінің қайсы дұрыс? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер спикерлерге осындай сұрақ жолдады. ҚР ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитетінің сарапшысы Айдана Алтаеваның айтуынша, бұл мәселе назардан тыс қалған жоқ.

Қазақстанның латын қарпіне ауысуы домендерге қалай әсер етеді?

«Латын қарпіне ауысу жағдайы ескерілді. Бұл мәселе бойынша халықаралық ұйыммен келіссөздер жүргізілді. Qaz және QZ домендік аттары елімізде тіркелген. Ал латын қарпіне толық ауысқан жағдайда, барлық ресми процедураларды уәкілетті орган ҚР Сауда және интеграция министрлігі жүргізетін болады», - деді спикер.

Сонымен қатар, Айдана Алтаева домендік атауларды ауыстыру кезінде бюджеттен қаржы бөлінбейтінін атап өтті. Қазіргі таңда Қазақстанда 12 ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтары іске қосылды. Сондай-ақ ақысыз негізде отандық интернет-ресурстарды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қазақстандық киберқалқан жүйелері жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар

Қалам қазанаты

Тұлға • Бүгін, 08:55

Орман қорына қол сұғу тыйылмай тұр

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:50

Өмірі өнермен өрілген

Тұлға • Бүгін, 08:45

Қияндағы қыстау

Талбесік • Бүгін, 08:37

Қасіреттің құны қалай өтеледі?

Талбесік • Бүгін, 08:35