Білім • 11 Ақпан, 2021

Елордада балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық кітапхана ашу мәселесі пысықталады

857 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрлігі 2021 жылды «Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» деп жариялады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық кітапхана ашу мәселесі пысықталады

«Биыл алуан түрлі мәдени-танымдық, оқыту шараларын өткізу жоспарланған. Соның ішінде, кітапханалар жүйесі мен қызметінің заманауи үлгілерін ұйымдастыру ісі жолға қойылуда. Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында өтетін шаралармен республиканың барлық аймақтары қамтылады. Оқырмандардың кітап оқуына барынша жағдай жасалады», - деді вице-министр.

Мысалы, Алматы қаласында, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары аумағында жаңа коворкинг орталықтарын ашу жоспарланған. Бұл жастарды, балаларды, жасөспірімдерді кітапханаға тарту мақсатында жасалуда. Министрліктің мәліметінше, бүгінде коворкингтардың жұмысы 2,5 есеге артты. Елімізде 401 коворкинг орталықтары жұмыс істеуде.

Бұдан басқа ағымдағы жылы еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласында Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық кітапхананы ашу мәселесі заңнамалық және қаржылық тұрғыда пысықталатын болады.

Соңғы жаңалықтар

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын

Шаруашылық • 25 Қазан, 2025

Географиясы Гиннеспен өлшенген

Қазақстан • 25 Қазан, 2025

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Креативті кітапхана ашылды

Кітапхана • 25 Қазан, 2025

Ірімшіктен балмұздақ жасады

Қоғам • 25 Қазан, 2025

Бәсі жоғары дода

Спорт • 25 Қазан, 2025

Мүмкіндігі мол мегаполис

Алматы • 25 Қазан, 2025

Зияткерлік байқау

Байқау • 25 Қазан, 2025

«Оян, қазақ!» авторына құрмет

Білім • 25 Қазан, 2025

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • 25 Қазан, 2025

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • 25 Қазан, 2025