Қоғам • 16 Ақпан, 2021

«Адалдық алаңы» – Egemen Qazaqstan газетінде жаңа айдар ашылады

1276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы «Егемен Қазақстан» РГ АҚ Басқарма басшысы Дархан Қыдырәлі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «AntikorLive» жобасында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

«Адалдық алаңы»  – Egemen Qazaqstan газетінде жаңа айдар ашылады

Дархан Қыдырәлі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру тақырыбында өрбіген ашық диалогта жемқорлықпен күресте бұқаралық ақпарат құралдарының жауапкершілігі турасында айтып өтті.

«Қазіргі ақпарат ағынында жұртшылық жемқорлық фактілері туралы дер кезінде хабардар болып отырады. Одан тілшілер қауымының белсенді жұмыс істеп жүргенін аңғаруға болады. Сыбайлас жемқорлық – қоғамның жегі құрты. Кең тараған індет.  Ал індетпен күресуде тек салдарына үңілмей, себебімен күресу маңызды. Бұл тұрғыда БАҚ-қа үлкен жауапкершілік жүктелген. Сондықтан біз «Egemen Qazaqstan» газетінде «Адалдық алаңы» деп аталатын жаңа айдар ашуды жоспарлап отырмыз», деді ол.

Айта кетейік, «AntikorLive» жобасы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында, тікелей эфир форматында өтті.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25