Аймақтар • 01 Наурыз, 2021

Қызылорда облысында карантин шаралары жеңілдетілді

502 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында карантин шаралары жеңілдетілді. Ас беру және спорт шараларын өткізуге рұқсат берілді. Онда 50 адамнан артық болмауы тиіс.

Қызылорда облысында карантин шаралары жеңілдетілді

Сондай-ақ, бильярд клубы мен балалардың ойын-сауық орталықтарының жұмыс істеуіне рұқсат етілді.

«Бүгіннен бастап 1-5, халықаралық мектептерде 1-7 сынып оқушылары аралас оқу форматында оқиды. Нақтырақ айтқанда, пәндерді 70 пайыз дәстүрлі, 30 пайыз қашықтан оқиды. Ал, бала саны 300-ден аспайтын қала және ауыл мектептеріндегі барлық сынып оқушылары мектепке барып оқиды. Сондай-ақ, 9, 11 сыныптың оқушылары әлеуметтік ара-қашықтық сақтай отырып оқуды аралас түрде оқуда», деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Әлия Әбдіқайымова.

Оған қоса білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат бар. Айта кететін жайт, шектеулер жеңілдегенімен босансуға болмайды. Облыста мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру мен өткізуге, букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салу жалғасады.

Еске сала кетелік, Қызылордада 440 адам коронавирусқа қарсы екінші мәрте вакцина салдырды.



Соңғы жаңалықтар

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын

Шаруашылық • 25 Қазан, 2025

Географиясы Гиннеспен өлшенген

Қазақстан • 25 Қазан, 2025

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Креативті кітапхана ашылды

Кітапхана • 25 Қазан, 2025

Ірімшіктен балмұздақ жасады

Қоғам • 25 Қазан, 2025

Бәсі жоғары дода

Спорт • 25 Қазан, 2025

Мүмкіндігі мол мегаполис

Алматы • 25 Қазан, 2025

Зияткерлік байқау

Байқау • 25 Қазан, 2025

«Оян, қазақ!» авторына құрмет

Білім • 25 Қазан, 2025

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • 25 Қазан, 2025

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • 25 Қазан, 2025