Қазақстан • 02 Наурыз, 2021

«Qazaq radiosy» шекара маңындағы 400-ден астам ауылдарда хабар таратуды бастайды

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Qazaq radiosy»-ның 100 жылдығы мен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 630 мыңнан астам тұрғыны бар Түркістан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының шекара маңындағы 400-ден астам ауыл отандық радиоарналардың хабарларын тыңдауға мүмкіндік алады.

«Qazaq radiosy» шекара маңындағы 400-ден астам ауылдарда хабар таратуды бастайды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен шекара маңындағы аудандарда Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін радиостанциялар желісін кеңейту туралы шешім әзірленді. «Qazaq radiosy» бағдарламаларын тарату басым тәртіппен жүргізілетін болады. Бұл жобаны іске асыру үшін ҚР шекара маңы аумақтарында радиохабар таратудың мемлекеттік желісін дамыту жөніндегі жол картасы әзірленді.

Жол картасына сәйкес радиохабар тарату желісін 2021 жылдан бастап 2024 жылға дейін төрт кезеңде дамыту жоспарлануда.

Қазіргі уақытта Министрлікпен телерадио хабарларын тарату үшін радиожиілік спектрін (РЖС) бөлу бойынша конкурс өткізілді. Министрлікпен өткізілетін конкурста 107 радиожиілік спектрі бөлінді. Оның 89-ы «Qazaq radiosy», 18-і «Шалқар» радиосы үшін.

Радиожиілік беру 2022-2025 жылдарға арналған ҚР шекара маңы аумақтарында радиохабар таратудың мемлекеттік желісін дамыту жөніндегі Жол картасының 1-кезеңіне сәйкес жүзеге асырылды.

Биыл эфирлік хабар тарату бойынша алғашқы және ең ауқымды радиоарна - «Qazaq radiosy» 100 жылдық мерейтойын атап өтуде. Қазір «Qazaq radiosy» еліміздің 89% аумағында хабар таратады және Қазақстанның барлық шекаралас аудандарын қамтуды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын

Шаруашылық • 25 Қазан, 2025

Географиясы Гиннеспен өлшенген

Қазақстан • 25 Қазан, 2025

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Креативті кітапхана ашылды

Кітапхана • 25 Қазан, 2025

Ірімшіктен балмұздақ жасады

Қоғам • 25 Қазан, 2025

Бәсі жоғары дода

Спорт • 25 Қазан, 2025

Мүмкіндігі мол мегаполис

Алматы • 25 Қазан, 2025

Зияткерлік байқау

Байқау • 25 Қазан, 2025

«Оян, қазақ!» авторына құрмет

Білім • 25 Қазан, 2025

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • 25 Қазан, 2025

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • 25 Қазан, 2025