Аймақтар • 05 Наурыз, 2021

Бағдат Мусин Шымкентке барды

160 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Шымкент қаласына қызметтік сапармен келді.

Бағдат Мусин Шымкентке барды

Министр Шымкентке сапары кезінде шалғай орналасқан елдімекен тұрғындарымен кездесіп, қаланы цифрландыру бойынша атқарылған жұмыстармен танысты. Одан соң әкімдік ғимаратында қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен мәжіліске қатысты.   Министр Шымкентке сапары кезінде шалғай орналасқан елдімекен тұрғындарымен кездесіп, қаланы цифрландыру бойынша атқарылған жұмыстармен танысты. Одан соң әкімдік ғимаратында қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен мәжіліске қатысты.   

Жиында қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Абдраханов қаладағы цифрландыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етіп, алдағы жоспарларын айтты. 

Өткен жылы қаладағы интернет желісін жақсарту мақсатында министрлікпен жол картасы жасалған. Соған сәйкес, 3 кезең бойынша жұмыс жоспары әзірленді. 1-кезеңде 11 жер учаскесі әзірленіп, антенна-матчталық қондырғылар қойылды. Алтынтөбе, Асар, Асар-2, Ақтас-2, Көкбұлақ, Солтүстік-батыс, Достық, Тұран, Айкөл және Шымкент ситидегі екі жерде базалық станция іске қосылды. Екінші кезеңде 13 жер анықталып, матчталық қондырғылар қою жұмыстары жүріп жатыр. 

Сонымен қатар, 30 қоғамдық орынға «Ақылды күнбағыс» кешені орнатылды. Онда тұрғындар тегін wi-fi қолдана алады. Мұндай кешен жыл соңына дейін қосымша 30 орынмен толықпақ. 

Басқарма басшысы бұдан өзге, білім және денсаулық саласының толығымен электронды форматқа көшірілгенін атап өтті. Қоғамдық көліктерде электронды билеттендіру жүйесінің енгізілгені, диспетчерлік орталықтың ашылғаны тағы бар.  

-Тұрғынүй коммуналдық шаруашылық саласына қатысты 2 жобаны қолға алдық. Сондай-ақ, «Ақылды жаяу жүргінші жолы», «Ақылды есептегіш» секілді жобаларды жасау  жоспары тұр. «Ақылды көше шамдары» жобасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 303 көше жарықтандырылмақ. Нәтижесінде мегаполисті жарықтандыру 70 пайызды құрайды. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 100-ге тарта іс-шара жүргізілетін болады, - деді Әсет Абдраханов. 

Күнделікті өмірде цифрлық сала айнымас бөлшегімізге айналды деген Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов басталған жұмыстар өз мерзімінде сапалы аяқталуын тапсырды. Халықты ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен қамтамасыз ету, оның ішінде интернет желісін дамыту басты міндеттеріңіз. Бұл ретте байланыс қызметтерін ұсынатын провайдерлер мен мобильдік операторлармен келіссөздер жүргізіп, көрсетілетін қызметтердің сапасына ерекше назар аударыңдар деп сала басшысына жүктеді. 

Өз кезегінде, аталған ведомство басшысы Шымкенттегі нәтижелі жұмыстарды оң бағалап, бұдан әрі де айти, цифрландыру саласын жандандыру қажеттігін айтты. "Пилоттық жобалардан негізгі жобаларға жылдам өту керек. Тұрғындармен қарым-қатынасты нығайту керек. Орталықтағы маман өңірді жақсы білуі өте маңызды. Құрылысы жүріп жатқан үйлерге су, газ, жылу сияқты, оптикалық интернет те тартылу керек. Өзге қаланың мамандармен де тәжәрибе алмасып, бірге жұмыс жасауға да болады" деді Б.Мусин.

Соңғы жаңалықтар

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын

Шаруашылық • 25 Қазан, 2025

Географиясы Гиннеспен өлшенген

Қазақстан • 25 Қазан, 2025

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Креативті кітапхана ашылды

Кітапхана • 25 Қазан, 2025

Ірімшіктен балмұздақ жасады

Қоғам • 25 Қазан, 2025

Бәсі жоғары дода

Спорт • 25 Қазан, 2025

Мүмкіндігі мол мегаполис

Алматы • 25 Қазан, 2025

Зияткерлік байқау

Байқау • 25 Қазан, 2025

«Оян, қазақ!» авторына құрмет

Білім • 25 Қазан, 2025

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • 25 Қазан, 2025

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • 25 Қазан, 2025