Қазақстан • 12 Наурыз, 2021

Ішкі істер саласы қызметкерлерінің жалақасы 58 пайызға дейін өседі

635 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Сенаттағы полиция қызметіне қатысты Үкімет сағатында сержанттар, кинологтар, учаскелік полиция көмекшілерінің жалақысы өсетінін мәлімдеді. Министрдің айтуынша, Президент тапсырмасымен қызметкерлердің еңбекақысын кезең-кезеңімен өсіру жұмыстары осы жылы басталады, деп жазады Egemen.kz

Ішкі істер саласы қызметкерлерінің жалақасы 58 пайызға дейін өседі

Е.Тұрғымбаевтың айтуынша, бірінші кезеңде, яғни 2021 жылдан бастап сержанттар, кинологтар, учаскелік полиция көмекшілері, күзет және басқа қызметтерге жалақы 3 жыл ішінде 15 пайыздан 58 пайызға дейін көтеріледі. Қалған қызметкерлердің жалақысы осы кезеңде 30 пайызға өседі.

«Тұрғын үй үшін өтемақы алатын бөліністер саны 27 пайыздан 78 пайызға дейін өсті. Енді 23 мың қызметкер өтемақы алатын болады», деді министр.

Сондай-ақ ол ішкі істер саласында кадр дайындау мәселесіне ерекше мән беріліп отырғанын алға тартты. 

«Алдымен, ведомстволық білім беру жүйесі өзгерді. 12 оқу орнының алтауы қалды. Олар: Алматы, Қарағанды, Қостанай академиялары, Ақтөбе заң институты, сондай-ақ Шымкент және Павлодар оқу орталықтары. ІІМ Алматы академиясында 2 факультет ашылды. Басшылар мен орта буын басшыларын даярлайды. Қосымша рейтингі жоғары оқу орындарымен 33 меморандум жасалды», деді ол. 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше