Видео • 27 Сәуір, 2021

Өрт сөндірушілер адамдарға дезинфекция сұйықтығын шашқан

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желілерде Өзбекстанның екі аймағында орналасқан базарда өрт сөндіру машиналарының адамдарға дезинфекцияға арналған сұйықтық шашып жүрген видеосы таралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өрт сөндірушілер адамдарға дезинфекция сұйықтығын шашқан

Өзбекстанның ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Андижан облысының Мархамат ауданы мен Сурхандария облысының Денау ауданындағы базарларында тіркелген. 

Департамент коронавирус инфекциясымен күресу мақсатында дезинфекция жұмыстары жүргізілгенін мойындап отыр.

«Коронавирустың таралу ошақтарын азайту және инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау мақсатында жұмыс жедел әрі жүйесіз жүргізілді», делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігі тергеу шараларын бастады. Жауапты адамдарға тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

Ел рухын асқақтатқан Ерқожа

Ата заң • 22 Тамыз, 2025

Алматыда Human Capital форумы өтті

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Шымкентте жаңа саябақ ашылды

Аймақтар • 22 Тамыз, 2025

Нарциссизм эпидемиясы

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Екі елдің ықпалдастығы жанданады

Президент • 22 Тамыз, 2025