
Өңір жұртшылығы ресейлік «Спутник V» және қазақстандық «QazCovid» вакциналарын салдыруға ниет білдіруде. Бүгінгі күнге дейін «Спутник V» вакцинасының 56300 дозасы жеткізіліп, оның 38942 дозасы игерілді. Аталған вакцинаның 29700-і облыс орталығындағы емханаларға таратылып, 20802-і пайдаланылды. Ал «QazCovid» әзірге тек Қызылорда қаласы тұрғындарына салынуда. «Қазіргі таңда қатерлі індетке екпе қабылдаған азаматтар қатарында облыс орталығы тұрғындары 21161 адамды құраса, ол аудандарда 18440 адамға жетті. Айта кетерлігі, күннен-күнге вакцина салдырушылар қатары артып келеді. Мәселен, 30 сәуірде 6832 адам сол тізімге енгізілді», дедіҚызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.