
Елдің Денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәлімет бойынша, бір күн бұрын 3689 адам ажал құшқан. Осыған байланысты билік вакциналау науқанын жеделдетуге кірісті. Ел астанасы Нью-Делидегі мектептерде бірнеше екпе орталығы ашылды. Бұл орындарға негізінен 18-45 жас аралығындағы тұрғындар шақырылады. Билік өкілдерінің жоспары бойынша, кемінде 300 мектеп вакциналау орталығына айналмақ.
«Мүмкіндігінше вакцинаны тезірек салдырыңыздар. Бұл өте маңызды іс-шара. Ковидтің екінші толқыны үлкен қауіп төндіріп тұр. Барлық адамды екпе қабылдау арқылы індеттің таралуын бірге тоқтатуға шақырамын», деді екпе салдырған тұрғын Раджат Дайал.