Қоғам • 14 Маусым, 2021

Халықаралық іздеуде жүрген 27 қазақстандық ұсталды

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Зорлық-зомбылық үшін халықаралық іздеу жарияланған 27 қазақстандық ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халықаралық іздеуде жүрген 27 қазақстандық ұсталды

7 маусымнан бастап өтізіліп жатқан «Мигрант» іс-шарасы барысында іздеуде жүрген 78 қылмыскер ұсталған. Олардың қатарында жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған 27 қазақстандық және ТМД елдерінің 3 адамы бар.

«Мигрант» операциясы барысында көші-қон заңнамасын бұзғандарға қатысты 518 сот шешімі қабылданды. 

Одан бөлек, жыл басынан бері төлқұжатының мерзімі өткен 675 шетелдік еліне оралу үшін куәлік алды. Сонымен қатар Қазақстан аумағында заңсыз жүрген 2,5 мың мигрант өз еркімен елден шығарылған.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше