Футбол • 18 Маусым, 2021

EURO-2020: Швеция алғашқы жеңісіне қол жеткізді

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңдегі екінші тур ойындары жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

EURO-2020: Швеция алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Бүгін Е тобы тобының үздіктері – Швеция және Словакия құрамалары кездесіп, матч скандинавиялықтардың жеңісімен аяқталды.

Санкт-Петербургте (Ресей) «Газпром Аренада» өткен кездесудің бірінші таймында жанкүйерлер гол көре алмады. Дегенмен, алғашқы 45 минутта Словакия футболшылары белсенді болды. Бірақ Марек Гамшик бастаған ұжымға бүгінгі ойында гол соғу бақыты бұйырмады.

Үзілістен кейін Швеция құрамасы матчты өте қарқынды бастады. Екінші тайм бастала сала алға ұмтылған скандинавиялықтар матчтың 77-минутында өз дегендеріне жетті. Кезекті бір шабуыл кезінде Словакия қақпашысы Мартин Дубровка өз алаңында Швеция футболшысына қарсы ойын ережесін бұзып, төреші 11 метрлік айып добын белгіледі. Ал өз кезегінде Эмиль Форсберг пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Есеп – 1:0.

Словакия футболшылары гол өткізіп алғаннан кейін ойын тізгінін өз қолдарына алып, есепті теңестіруге қанша тырысқанымен Швеция қорғаушылары мен қақпашысы қырағылық танытып, қарсыластарына еш мүмкіндік берген жоқ. Осылайша Швеция құрамасы Еуропа чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Олар өткен турда Испания құрамасымен тең түскен еді.

Е тобының турнир кестесінде Швеция 4 ұпаймен көш бастады. Ал үш ұпайы бар Словакия әзірше екінші орында тұр.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25