Әлем • 06 Шілде, 2021

ДДСҰ әлемде пандемия жағдайы тұрақтанғанын мәлімдеді

3130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының директоры Майкл Райан әлемде коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайлары тұрақтанғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ДДСҰ әлемде пандемия жағдайы тұрақтанғанын мәлімдеді

Майкл Рейннің айтуынша, соңғы екі аптадағы ауру кестесіне қараса, тұрақтылық келгенін байқауға болады.

Сондай-ақ, ол қазір COVID-19 таралуының жағдайы екі-үш ай бұрынғыға қарағанда жақсырақ деген пікір білдірді.

Алайда Райан әр елде жағдай айтарлықтай әр түрлі екенін айтты: бірнеше мемлекете вирус жұқтырудың күрт төмендеуі байқалады, ал басқаларында жаңа жағдайлардың саны өсіп жатыр. Оның пікірінше, бұл коронавирустың жаңа штамдарының таралуы, эпидемияға қарсы шараларды жеңілдету мен адамдар арасындағы байланыстың артуы сияқты бірқатар факторға байланысты.

ДДСҰ Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Мария ван Керкхове әлемде коронавирус инфекциясының таралу жағдайын «екіұшты» деп сипаттады. Оның айтуынша, инфекцияның жаңа жағдайларының төмендеуі Америкада тіркелді, бірақ басқа континенттерде жұқтырғандар саны артып барады.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025