Коронавирус • 14 Шілде, 2021

Алматыда 168 бала коронавирустан емделіп жатыр

457 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда коронавирус жұқтырған 1 947 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда 168 бала коронавирустан емделіп жатыр

13 шілде күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 640 адам коронавирус жұқтырған.

Олардың ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 574 , симптомсыз – 66 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 139, келіп түскені – 302.

«Инфекциялық стационарларда 1 947 адам бар (төсек-орынның жалпы саны – 5 200 ), оның ішінде 168 бала емделуде», деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 133 науқас жатыр. Ал 28 емделуші жасанды тыныс алу аппаратына қосылса, инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 46 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 42 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 3 527 адам бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда - 3194 науқас. Ал, 333 адамда вирус белгілері жоқ.