Қоғам • 15 Шілде, 2021

Бас мүфти: Мал бағасын қадағалау құзыретімізге жатпайды

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы кәсіпкерлерге үндеу жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz

Бас мүфти: Мал бағасын қадағалау құзыретімізге жатпайды

Айт күндері халық тарапынан мал сатып алуға деген сұраныс артады. Осы ретте Бас мүфти еліміздегі барша шаруа қожалықтарының қожайындарын Құрбан айттың құрметіне мал құнын шарықтатпай, халыққа оңтайлы бағаны ұсынуға шақырды.

«Мал бағасын қадағалау құзыретімізге жатпайды. Дегенмен, Құрбан айт қарсаңында қарапайым халыққа қол жетімді болу үшін жергілікті жердегі кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі кезде бірнеше кәсіпкер бір бағаны бекітіп, қолдау көрсетуде. Сайтта онлайн құрбан шалу қай жерде қандай бағамен өткізілетіні туралы ақпарат ұсынылған»,  деді Бас мүфти журналистердің сауалына берген жауабында.

Сонымен қатар, Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерді тұрғындар күнде тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мүмкіндігінше жеңілдік жасауға үндеді.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35