Білім • 16 Шілде, 2021

Жаңа әдіс – жаңа белеске жетелейді

5750 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз ақпараты бойынша екі жыл ішінде Қазақстанның жоғары оқу орындары 600-ден астам жаңа және 100-ге жуық инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа әдіс – жаңа белеске жетелейді

Мұнда кадрларды даярлауда бұрын-соңды жүзеге асырылмаған бағдарламалар мен алғаш рет кірістіріліп отырған жобалар бар. Бұл ретте елімізде баламасы жоқ жобаларды да атап өткен жөн.

Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-де мұндай 32 бағдарлама қарастырылған. Барлығы Қазақстан экономикасын дамыту жолында еңбек ететін мамандарды даярлауға бағытталғаны анық. Соның бірі, бірегейі – медициналық инженеринг. Айтар болсақ, «Медициналық инжиниринг» бағыты бойынша білім беру бағдарламасы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Техникалық Университетінде 6В07105 «Аспап жасау» мамандығы шеңберінде бакалаврларды даярлайды.

Оқу медициналық техникаларды өндірумен айналысатын әлемдік фирмалардың бағдарламалары негізінде жүргізіледі. Олардың методикалары білікті, білімді әрі сұранысқа ие мамандарды даярлауға арналған. Оқытудағы әдіс-тәсілдердің өзі шетелдік профессорлармен тізе қоса отырып жасалды.

Студенттерді даярлау кезінде елімізде қолданылатын медициналық техникалардың құрылысын, қолдану ерекшеліктерін, жұмыс істеу принцптерін көрсете отырып оқытады. Атап айтқандаSiemens, Roche Diagnostics GmbH, Tem Innovations GmbH, Arkray,   Iris, BST медициналық техникаларды пайдаланады. Қолданыстағы жабдықтар тәжірибе жинақтауға мол мүмкіндік береді.

Сөйтіп оқуды тәмамдаған түлек жұмыс тәжірибесіне, жеке жетістіктеріне қарай инженер, инженер-конструктор, инженер зертханашы, жөндеу жөніндегі инженер, өндірісті дайындау жөніндегі инженер, метролог сынды мамандықтарды алып шығады. Бакалавр болып шыққан соң «Медициналық инжиниринг» бойынша ШҚТУ магистратурасында оқуын жалғастыруға мүмкіндігі бар. Педагогикалық профильдің кәсіптік бағдарламасын игерген жағдайда, докторантураға түсуге болады. Мінеки, жаңа әдістің білім алам деушілерге мүмкіндігі мол.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03