Аймақтар • 21 Шілде, 2021

Өзгенің атынан несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Балқаш тұрғынының атына екі миллион теңге несие алған алаяқ қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өзгенің атынан несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

25 мамырда Қарағанды облысы Балқаш қаласының полиция бөліміне 28 жастағы қала тұрғыны жүгініп, алаяқтық әрекеттің құрбаны болғанын айтқан. Алаяқ жәбірленушінің деректерін пайдаланып, екі миллион теңгеге несие рәсімдеген.

Аталған факті ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.

16 шілдеде жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 26 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті кінәсін толық мойындады. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар

Кәсібін кеңейткен кәсіпкер

Кәсіпкер • Бүгін, 08:30

Еңбекпен ырысын еселеген әулеттер

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:25

Екі ауыл балаларының қуанышы ерекше

Келешек мектептері • Бүгін, 08:22

Заманауи кешен ашылды

Аймақтар • Бүгін, 08:20

Еларалық жолдың сапасы жақсарды

Аймақтар • Бүгін, 08:18