Әлем • 28 Шілде, 2021

Жапонияда вирус жұқтыру бойынша антирекорд тіркелді

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияда COVID-19 жұқтырудың жаңа жағдайлары бойынша антирекорд тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап. 

Жапонияда вирус жұқтыру бойынша антирекорд тіркелді

Індетке шалдыққан науқастардың күнделікті өсуі 7000 адамнан асты. Жұқпалы аурулар жөніндегі сарапшылар «дельта» штамы коронавирус эпидахуалын күрт күрделендіріп жіберуі мүмкін және инфекцияның өршу шыңы тамыз айының басында болады деп ескертті.

Сонымен қатар Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті инфекция жұқтырудың тағы жеті жағдайының тіркелгендігі туралы хабарлады, оның ішінде екі спортшы бар, қатысушылар арасында вирус жұқтырғандардың жалпы саны 155 адамды құрайды.