
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен мұнда коронавирус жұқтырған науқастарға арналған 280 төсектік орын қойылған. Мұның сыртында, 20 орындық жансақтау бөлімі жұмыс істейді.
Денсаулық сақтау саласының басшылығы мұндай шұғыл шешімнің қабылдану себебі өңірдегі эпидемиялық ахуалдың ушығып бара жатқанымен байланысты деп түсіндірді. Соңғы тәулік ішінде облыста 209 адамнан COVID-19 диагнозы анықталған. Мамандар індеттің таралу қарқыны бір тәуліктің ішінде 1%-ға артты деп отыр.
27 шілде күні сағат 14.00-де қалалық аурухана мен аурухана жанындағы жарақат пункті жабылып, науқастарды шұғыл және жоспарлы қабылдауын тоқтатты. Бұдан былай науқастар облыстық ауруханада ем алады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қалалық ауруханада жатқан науқастарды денсаулық жағдайына қарай үйіне шығару немесе облыстық аурухана ғимаратына ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр.
Қостанай облысы