Аймақтар • 04 Тамыз, 2021

Көкшетауда 150-ден астам нәресте коронавирус жұқтырған

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шілдеде айында коронавирус жұқтырғандардың көкшетаулықтардың 76%-ы - 60 жасқа дейінгі адамдар,14%-ы - 17 жасқа дейінгі балалар. Сонымен қатар, бір жасқа дейінгі 150-ден астам бала COVID-19 жұқтырған. Бұл туралы брифингте облыстың бас санитары Қанат Ысқақов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көкшетауда 150-ден астам нәресте коронавирус жұқтырған

Коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығын бағалау матрицасына сәйкес, 2021 жылдың 2 шілдесінен бастап Ақмола облысы «қызыл» аймақта.

Көкшетау қаласында пандемия басталғалы бері 9920 адам вирус жұқтырған. Шілдеде 1527 жағдай тіркелсе, маусым айында 4,5 есе аз - 341 жағдай.

«Соңғы тәулікте 65 адам вирус жұқтырды, оның ішінде 5%-ында ауру симптомы жоқ. 7 өлім тіркелді. Бүгінгі күні облыс орталығындағы төсек қорының жүктемесі 115%-ға дейін өсті. 598 адам ауруханаға жатқызылды, 65 пациент реанимацияда, үш науқас оттегіге тәуелді. Науқастардың 99%-ы екпе алмаған», деді Қ.Ысқақов.

Соңғы жаңалықтар

Соғыс болмаған ел

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:20

Нағыз қыс – Шанағатыда

Ауыл • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:05

Мал өсірудің машақаты

Шаруашылық • Бүгін, 08:55

Еңбегі ерен азамат

Тұлға • Бүгін, 08:50

Аса маңызды саяси үдеріс

Пікір • Бүгін, 08:48