Президент • 05 Тамыз, 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды

1972 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл жөнінде ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды

«Қазақстан Президенті 2021 жылғы 6 тамызда Орталық Азия елдері басшыларының Консультативтік кездесуіне қатысады. Сондай-ақ көршілес мемлекеттер басшыларымен екіжақты кездесулер жоспарланып отыр. Одан бөлек саммитке қатысушылар ұлттық тауарлар көрмесін және Орталық Азия өнер шеберлерінің концертін тамашалайды», деп жазды Берік Уәли.

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында көпір құлады

Төтенше жағдай • Кеше