Әлем • 05 Тамыз, 2021

Тегеранда жаңа президентті ұлықтау рәсімі өтті

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иран Ислам Республикасының сегізінші президенті болып сайланған Эбрахим Раисиді ұлықтау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.

Тегеранда жаңа президентті ұлықтау рәсімі өтті

Рәсімге әскерилер мен ұлттың ресми өкілдері, сонымен қатар 115 елден келген қайраткерлер мен қонақтар қатысты.

Ұлықтау рәсімі алдында 115 ел мен халықаралық ұйымдардың делегациялары Иран Ислам Республикасының жаңа президенті Эбрахим Раисимен Бахарестандағы Парламентте ашық ауада суретке түсті.

Парламент спикері Мохаммад Багер Галибаф барлық ирандық және шетелдік қонақтар алдында қысқа сөз сөйледі.

Парламент спикерінің құттықтауынан соң Президент Эбрахим Раиси сот билігінің басшысы мен шараға қатысқан шенеуніктердің алдында ант берді. Президент Ислам Республикасының Конституциясы мен режимінің қамқоршысы болуға ант берді және халықтың проблемаларын шешуге бар күш-жігерін жұмсайтындығын білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025