Қазақстан • 18 Тамыз, 2021

Нұр-Сұлтанға Ресейдің үкімет басшысы келеді

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей Премьер-Министрі Михаил Мишустин Нұр-Сұлтанға ұшып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтанға Ресейдің үкімет басшысы келеді

Ресей министрлер кабинетінің баспасөз қызметі мәліметінше, Мишустин Қазақстан астанасында жұмыс сапарымен 18-19 тамыз аралығында болады.

«Михаил Мишустин Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Маминмен келіссөздер жүргізеді. Сонымен қатар Ресей Премьер-Министрі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Тұңғыш Президент, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі», делінген ресми хабарламада.

Тараптар өнеркәсіп, энергетика, көлік, мәдени-гуманитарлық салалардағы Ресей-Қазақстан ынтымақтастығын дамытуды талқылайтыны айтылды.
 
Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және коронавирус инфекциясына қарсы бірлескен шараларға ерекше назар аударылады.
Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025