Коронавирус • 02 Қыркүйек, 2021

Қазнетте «оқушыларға арналған вакцинасы бар йогурт» туралы қауесет таратылды

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазнет қолданушылары биылғы оқу жылында мектеп асханаларында балаларға міндетті түрде құрамында коронавирусқа қарсы вакцина бар йогурт, айран және қатық берілетіні туралы бейнеролик таратуда, деп хабарлайды Egemen.kz Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Қазнетте «оқушыларға арналған вакцинасы бар йогурт» туралы қауесет таратылды

2021 жылдың сәуір-маусым айларында бұқаралық ақпарат құралдары Ресейде қышқыл сүт өнімдері түрінде вакциналар шығарыла бастады деген хабар таратқан. Сол кезде ғалымдар аталмыш препараттарды әзірлеу бойынша жұмысты енді бастаған. Алайда, Covid-19-дан қорғайтын йогурттар, айран және ашытылған сүт өнімдері ресми түрде клиникалық сынақтан өтпеген және нарыққа кірмеген.

Мұндай ашытылған сүт өнімдері мектеп асханаларында балаларға міндетті түрде беріледі деген қауесет ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазақстанға азық-түлік түріндегі ешқандай вакцина әкелінген жоқ», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Осылайша, мектеп асханаларында КВИ-ге қарсы иммундау препараттары бар сусындар мен өнімдер ұсынылмайды, деп жазады басылым.

Еске сала кетсек, елімізде балаларды вакцинациялау тек ата-аналардың немесе қамқоршылардың жазбаша келісімімен ғана мүмкін болады.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15