Қазақстан • 04 Қыркүйек, 2021

Балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салынып жатыр – фейк

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Туберкулезге қарсы екпе деген сылтаумен балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салынып жатыр». Ел ішіне тараған бұл ақпараттың жалған екенін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салынып жатыр –  фейк

Ол өзінің фейсбуктағы парақшасында «Туберкулезге қарсы ревакцинация жоспарлы шара және ол тек қыркүйекте жүргізіледі» деп жазды. Сондай-ақ ата-ананың жазбаша келісімінсіз ешкімге екпе салынбайтынын атап өтті. Оның айтуынша, Pfizer вакцинасы осы жылдың төртінші тоқсанында қолжетімді болады. Бірақ ол да тек ата-ананың немесе баланың заңды өкілінің рұқсатымен ғана салынады. Комитет өкілі қазақстандықтарды тек ресми дерек көздеріне сенуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50

Аққу әйгілеген ақиқат

Әдебиет • Бүгін, 08:35