Ауа райы • 14 Қазан, 2021

14 қазанға арналған ауа райы болжамы

473 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет 14 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

14 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бейсенбіде еліміздің барлық аумағында ауқымды антициклонның әсерінен күн ашық болады.

Республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында желдің күшеюі, оңтүстігінде және батысында шаңды дауыл, солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Жамбыл облысында таулы және тау бөктерінде тұман түседі, өңірдің оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Алматы облысының Алакөл ауданында желдің жылдамдығы 18-23 м/с жетеді. Қызылорда облысының шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде шаңды дауыл тұруы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында, күндіз Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының солтүстігінде, түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35