Тағайындау • 15 Қазан, 2021

Солтүстік Қазақстан облысына бас имам тағайындалды

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары кезінде «Қызылжар» орталық мешіті жамағатына аталған өңірге тағайындалған бас имамды таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстік Қазақстан облысына бас имам тағайындалды

«Біз бүгінде мешіттерімізге білімді, тәжірибелі жас ғалымдарды имамдық қызметке тағайындап жатырмыз. Хамзат Қажымұратұлы Шам өлкесінде білім алып, осы облыстағы мешітте, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының орталық аппаратында, елордамыздағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде жұмыс істеді. Осы өңірде де өзіне жүктелген қызметті абыроймен атқарады деп сенемін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфти осыған дейін облыста бас имам болған Кенжетай Дүйсенбайға алғыс айтып, ризашылық ниетін жеткізіп: «Сіздің діни саладағы мол тәжірибеңізді ескеріп, Діни басқармаға қызметке қабылдадық» деді.

Игі іс-шарада мешіт ақсақалдары имамдарға батасын беріп, дұға жасады.

 
Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03