Оқиға • 16 Қазан, 2021

Семейде көктайғақтан 6 көлік соқтығысты

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей қаласында көктайғақтан 6 көлік соқтығысып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Семейде көктайғақтан 6 көлік соқтығысты

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 16 қазанда сағат 08.30-да жаңа көпірде болған.

«Lada Granta маркалы көліктің 23 жастағы жүргізушісі көктайғақтан рульді басқара алмай қалып Mitsubishi, Volgswagen және Hyundai көліктерімен соғылды. Соның салдарынан Hyundai көлігі тағы екі Toyota көліктерімен соқтығысқан», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Тиісті сараптамалар да тағайындалған.

Соңғы жаңалықтар

Ел рухын асқақтатқан Ерқожа

Ата заң • 22 Тамыз, 2025

Алматыда Human Capital форумы өтті

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Шымкентте жаңа саябақ ашылды

Аймақтар • 22 Тамыз, 2025

Нарциссизм эпидемиясы

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Екі елдің ықпалдастығы жанданады

Президент • 22 Тамыз, 2025