Футбол • 16 Қазан, 2021

Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Қайрат» сырт алаңда «Ақтөбені» жеңді

490 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 24-туры аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Қайрат» сырт алаңда «Ақтөбені» жеңді

Аталған турдың алғашқы ойын күнінде төрт кездесу өткізілді. Алматының «Қайраты» сырт алаңда «Ақтөбемен» шеберлік байқасты.

Ойын барысында алматылық клуб сапынан 31-минутта Артур Шушеначев есеп ашса, 41-минутта Гүлжігіт Алықұлов есепті үстемелей түсті. Ал 73-минутта Нұрәлі Әліп автогол авторы атанды. Ойында «Қайрат» қарсыласын 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Шымкенттің «Ордабасы» командасы өз алаңында «Атыраудан» 2:1 есебімен басым түсті. Алдымен атыраулық Аллеф Де Андраде Родригеш 47-минутта есеп ашса, одан кейін шымкенттік клубтан Сұлтанбек Астанов – 56, Абдуллай Диакате 73-минуттарда қос гол соғып кетті.

Тағы бір кездесуде Қарағандының «Шахтері» өз алаңында Ақтаудың «Каспийін» 1:0 есебімен сүріндірді. Кездесу тағдырын шешкен жалғыз голды 70-минутта Идрис Умаев өзінің еншісіне жазды.

Соңғы жаңалықтар

Ел рухын асқақтатқан Ерқожа

Ата заң • 22 Тамыз, 2025

Алматыда Human Capital форумы өтті

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Шымкентте жаңа саябақ ашылды

Аймақтар • 22 Тамыз, 2025

Нарциссизм эпидемиясы

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Екі елдің ықпалдастығы жанданады

Президент • 22 Тамыз, 2025