Экономика • 20 Қазан, 2021

Қазақстанда ІЖӨ 3,4% өсті – Ұлттық Банк

690 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы 9 айда Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің өсуі 3,4% болды. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда ІЖӨ 3,4% өсті – Ұлттық Банк

«Биылғы жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің өсуі 3,4% болды, мұнайдың орташа бағасы бір баррель үшін 68 АҚШ доллары деңгейінде қалыптасты. Бұл серпін Қазақстан экономикасын дамытудың оптимистік сценарийіне сәйкес келеді. Мұнайдың орташа жылдық бағасы бір баррель үшін 70 АҚШ доллары болған кезде Ұлттық банк ішкі жалпы өнімінің 2021 жылы 3,7-4% деңгейінде өсуін күтеді», деді Е. Досаев.

Оның айтуынша, әлемдік және ұлттық экономикалардың осындай тез қалпына келуі жалғасып жатқан фискалдық ынталандыру бағдарламалары мен жеңіл ақша-кредит талаптарының нәтижесінде мүмкін болды.

«Сонымен бірге, бұл факторлар тұтынушылық сұраныстың қалпына келуіне және әлемдегі инфляциялық қысымның айтарлықтай өсуіне әкелді. Осы жылдың басынан бастап бағаның өсуі тарихи ең жоғары көрсеткіштерді жаңартып отыр. Әлемнің ірі экономикаларында инфляция 13 жылдық ең жоғары көрсеткіштерге жетті. АҚШ-та 5,4%-ға дейін, Еуроодақта – 3,4%-ға дейін өсті», деп түсіндірді ҰБ басшысы.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25