Қазақстан • 23 Қазан, 2021

Елімізде «Қазақстанның 100 жаңа есімі» Қауымдастығы құрылды

835 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық жобаның әр жылдардағы жеңімпаздары бірігіп, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» қауымдастығын құрды. Қауымдастықтың ашылу салтанаты 22 қазанда елордада өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде «Қазақстанның 100 жаңа есімі» Қауымдастығы құрылды

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары бас қосқан жиналыста қауымдастықтың Жарғысы бекітіліп, қауымдастықтың мүшелігі, ұйымдастырушылық мәселелері, құрылымы секілді бірқатар сұрақтар талқыланды. Сонымен қатар, ұйымның және атқарушы органның құрамы анықталды. Қауымдастықтың даму стратегиясы талқыланып, бірлестік жұмысының негізгі қағидаттары айқындалды.

Қауымдастықтың негізгі мақсаты – еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін «100 жаңа есім» жобасы жеңімпазадрының күштері мен тәжірибелерін біріктіріп, қазақ жастарының белсенділігін арттыру.

П

Ассоциация қызметі медицина, білім және ғылым, мәдениет пен спорт, бизнес және экология салаларын қамтып, Қазақстан Республикасының барлық аймақтарына жүзеге асатын болады.

Жиын қатысушылары Ұлттық жобасының барлық белсенді жеңімпаздарына «Қазақстанның 100 жаңа есімі» қауымдастығына мүше болуға шақырды.

Қауымдастықтың негізгі қозғаушы күші жобаның белсенді жеңімпаздарынан тұратын еліміздің көрнекті және болашағы зор кәсіби мамандар қоғамдастығы болды, олардың қатарында ғалымдар, дәрігерлер, спортшылар, дизайнерлер, мәдениет қайраткерлері мен бизнес иелері бар.

П

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше