Қазақстан • 18 Қараша, 2021

Биыл елімізде қандай жолдар салынады

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада «Қазавтожол-Kaztraffic-2021» халықаралық көрмесі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл елімізде қандай жолдар салынады

«Қазақстанда инфрақұрылымдық жобаларға көп қаражат бөлінеді. Биыл республика бойынша «Нұр-Сұлтан - Қарағанды-Алматы», «Талдықорған-Өскемен», «Ақтөбе-Ақтау-Астрахань», «Қалбатау-Майқапшағай-Үшарал-Достық» автожолдары салынуда. Бізге автомобиль жолдарының сапасын арттырып, заманауи цифрлық технологияларды енгізу қажет», деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев көрменің ашылуында.

Бұдан басқа, іс-шара шеңберінде автомобиль жолдарын салу және пайдалану сапасын арттыру мәселелері бойынша конференциялар өтеді. Көрменің экспозициясы жол және аэродром жабындарын салу, жөндеу, күтіп ұстау бойынша заманауи технологияларды өндіру мен енгізуді жүзеге асыратын компаниялармен ұсынылған.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь, Украина, Германия, Франция, АҚШ кәсіпорындары қатысады. Ал Түркия экспозициясы бөлек ұсынылады. Көрмеге автомобиль жолдарын жөндеу және пайдалану құрылысының сапасын бақылауды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Үкіметі құрған жол активтері сапасының ұлттық орталығы да қатысады. Іс-шара ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35