Оқиға • 23 Қараша, 2021

Петропавлда жол апатынан бір адам қаза тапты

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлда «Урал» жүк көлігі мен «LADA Largus» автокөлігі соқтығысып, салдарынан жеңіл машинаның жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петропавлда жол апатынан бір адам қаза тапты

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 қараша күні сағат 07.48 минут кеткенде «102» жедел арнасына Петропавл сыртындағы айналма жолда жол-көлік апаты болғандығы туралы хабар түскен.

Куәгерлер «LADA Largus» және «Урал 5557» көліктерінің соқтығысқаны туралы хабарлаған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «LADA Largus» жүргізушісі ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.

Осы факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазір жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептері анықталмақ. Бірқатар сараптама тағайындалды. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесі бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады.

Полицейлердің айтуынша, дүйсенбіден бері СҚО жолдарында үш жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан екі адам зардап шегіп, бір адам қаза тапты. Қолайсыз ауа райына және көктайғаққа байланысты полицейлер жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жолдарда сақ болуды, жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Жүргізушілер жол-көлік оқиғасын болдырмас үшін қауіпсіз қашықтықты, бүйірлік аралықты сақтауы, сондай-ақ маневр жасауда абай болуы, жылдамдықты барынша азайтуы қажет. Жаяу жүргіншілер жолдардан тек рұқсат етілген орындардан өтуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03