Аймақтар • 25 Қараша, 2021

Алматыдағы LRT: Құрылыс кімнің есебінен жүргізіледі?

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Құсайынов мегаполистегі жеңіл рельсті көлік желісінің (LRT) құрылысы туралы айтты, деп xабарлайды Egemen.kz.

Алматыдағы LRT: Құрылыс кімнің есебінен жүргізіледі?

Серік Құсайынов Талғардың жоғарғы тас жолы бойымен LRT желісін салу жоспарланып отырғанын айтты. Жоба жеке инвестор есебінен жүзеге асырылады.

«Қазір инвесторлармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Алдын ала ойластырған бағыт бойынша LRT Төле би көшесі бойына түседі. Өздеріңіз білесіздер кеңес кезінде бұл көшеде трамвай желісі болған еді. Енді батыстан шығысқа қарай жолаушылар ағынын бір ретке келтіріп, оны пайдалануға дайынбыз. Ол Момышұлы көшесімен ғана емес, Алатау ауданының орталығына дейін түсуі керек», дейді ол.

Қазіргі уақытта инвестор техникалық-экономикалық негіздемемен айналысып жатыр. Бұдан бұрын LRT желісінің құрылысын 2020 жылы бастау жоспарланғаны xабарланған болатын.

Теxникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес, жобаның инвестициялық құны: инфрақұрылым - 56 907 млн теңге (депо құрылысын қоса есептегенде), жылжымалы құрам - 36 512 млн теңге. Барлығы - 94 203 млн теңге.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35