Тәуелсіздік • 09 Желтоқсан, 2021

Елорда аспанында Мемлекеттік ту қалықтады

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Менің Туым – менің Отаным» акциясы аясында Әскери-әуе күштері армия авиациясының жауынгерлік тікұшақтары елорда аспанында тәуелсіз еліміздің символы – Мемлекеттік туды қалықтатып ұшырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда аспанында Мемлекеттік ту қалықтады

ӘӘК армия авиациясының бастығы полковник Нұрлан Байдуллаев, авиация базасының командирі полковник Мақсұтбек Әділбаев Ми-171Ш тікұшағымен елорда аспанында Қазақстанның Мемлекеттік туын қалықтатып алып ұшты.

Бұл рәсімді орындау барысында олармен тәжірибелі ұшқыштар мен штурмандар басқарған Ми-17 бұрамалы қанатты тікұшақтар ұшты.

4

Акцияға қатысуға арнайы іріктелгендер қатарында әскери парадтардың, «КADEX» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік халықаралық көрмесіне қатысқан әскери ұшқыштар болды.

«Ту – әр мемлекеттің басты символдарының бірі, елдің егемендігі мен біртұтастығының белгісі. Қазақстан халқы үшін маңызды күнді мерекелеу қарсаңында оқу-жаттығу ұшуларын орындау арқылы акцияға қатысуды жөн көрдік», деді Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы полковник Нұрболат Топаев.

1

Соңғы жаңалықтар

Тазалық ізетпен тартымды

Қоғам • Бүгін, 08:05

«Ақылды» сырға

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Тұмау асқынып тұр

Қоғам • Бүгін, 07:53

Күн энергиясымен жүретін яхта

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Шымкенттен – Стэнфордқа

Білім • Бүгін, 07:45