Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2021

Асқар Мамин құрылыс материалдарының бағасын қадағалауды тапсырды

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин құрылыс саласын жетілдіру бағыты бойынша бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Асқар Мамин құрылыс материалдарының бағасын қадағалауды тапсырды

«Біріншіден, Индустрия министрлігі «Самұрық-Қазына» қорымен, «Бәйтерек» холдингімен, «Атамекен» Ұлттық палатасымен және өңірлер әкімдерімен бірлесіп, бір ай мерзімде 2025 жылға дейін құрылыс индустриясы жобаларын іске асыру жөніндегі жол картасын әзірлесін», деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Индустрия министрлігіне «Бәйтерек» Холдингімен бірлесіп нарықтағы делдалдарды алып тастау және құрылыс материалдарының құнын төмендету мақсатында 2022 жылғы 1 наурызға дейін «Маркетплейс» онлайн-алаңын өнеркәсіптік пайдалануға енгізу тапсырылды.

«Үшінші мәселе, Индустрия министрлігі Бәсекелестікті қорғау агенттігі мен әкімдіктермен бірлесіп құрылыс материалдары бағасының негізсіз өсу фактілері бойынша тұрақты бақылауды және дер кезінде ден қою шараларын қабылдауды қамтамасыз етсін», деп түйіндеді Асқар Мамин.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35