Елорда • 12 Қаңтар, 2022

Елордада 200-ге жуық адам төтенше жағдай режимін бұзған

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ТЖ режимі басталғаннан бері полицейлер криминогенді жағдайды тұрақтандыру, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыстың уақтылы алдын алып, жолын кесу мақсатында жергілікті-рейдтік іс-шаралар өткізуде, деп жазады Egemen.kz қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Елордада 200-ге жуық адам төтенше жағдай режимін бұзған

Рейдтер барысында 2246 жалдамалы тұрғын үй мен 221 хостелге тексеріс жүргізілді. 525-ке жуық көші-қон заңнамасын бұзу фактілері анықталып, 36 заңсыз келіп-кетуші қабылдап-тарату орнына орналастырылды.

ТЖ режимін бұзғаны үшін елордада 196 азамат Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Олардың 16-сы қамауға алынды, қалғандарына айыппұл салынбақ.

«Елорда тұрғындары коменданттық сағаттың енгізілгеніне қарамастан, қандай да бір қажеттілік болмаса да көшеде жүреді. Олардың арасынан төтенше жағдай режимін әдейі бұзушылар да кездеседі, оларға қатысты сот қамауға алу туралы шешім қабылдайды», деп жазылған қалалық Полиция департаменті таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта елордада жағдай тұрақты. Құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін тиісінше қорғауды қамтамасыз етуде. Нұр-Сұлтандағы жағдай толықтай бақылауда тұр. Күдікті адамдар мен тыйым салынған заттарды анықтау үшін тәуліктік режимде 6 блокбекетте көлік құралдарының қозғалысына тексеріс жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03