Әлем • 29 Қаңтар, 2022

Ташкент зообағында анасы 3 жасар қызын аюдың алдына лақтырып жіберген

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ташкент зообағында анасы 3 жасар қызын аю тұрған торға лақтырып жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz uzreport порталына сілтеме жасап.

 

Ташкент зообағында анасы 3 жасар қызын аюдың алдына лақтырып жіберген

Хайуанаттар бағының мәліметінше, келушілер мен мекеме қызметкерлерінің әрекетіне қарамастан, әйелді тоқтату мүмкін болмаған. Кавказдық қоңыр аю Зузу қазылған орға асықпай түсіп, қыздың жанына келіп, иіскеген. Кейін бұрылып, кетіп қалған. «Жабайылар» бөлімінің қызметкерлері аңның назарын өздеріне аудартып, оны ішкі бөлмеге кіргізіп алған.

«Тордан шығарылған сәбиді бірден зообақ медбикесі қарап шыққан. Қыз бала тек 5 метрге жуық биіктіктен құлағаннан зардап шеккен. Бастапқы тексеру кезінде соққы алғаннан басқа қандай да бір жарақаттар анықталған жоқ», делінген зообақ ақпаратында.

Қазір бала дәрігерлердің бақылуында. Аюдың баланы азық ретінде қабылдағанында оқиға немен аяқталатынын ойлау өте қиын.

Әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады ӨР Бас прокуратурасынан.



 

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025