Әлем • 14 Ақпан, 2022

Тунисте жаппай наразылықтар басталды

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тунис президентінің жанжалды жарлығынан кейін мыңдаған наразылық білдірушілер көшелерге шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters-ке сілтеме жасай отырып.

Тунисте жаппай наразылықтар басталды

Тунис президенті Каис Саид шетелдік демократиялық одақтастарын Жоғарғы Сот Кеңесін - сот билігінің тәуелсіздігіне кепілдік беретін органды тарату туралы мәлімдемесімен алаңдатты.

Президент өз жарлығымен жаңа сот өкілеттіктерін белгіледі. Енді ол біржақты түрде судьяларды тағайындауды жұмыстан шығарып, бұғаттай алады, бұл оның сот жүйесіндегі билігін күшейтеді.

Бұл наразылық білдіріп 2000-ға жуық адам демонстрацияларға шыға бастады. Шеруде «Сот жүйесіне қол тигізбеңіз!» және «Біздің демократиямызды сақта!» іспеттес ұрандар естілді.

Таратылған Жоғарғы Кеңестің басшысы Юсеф Бузахер жаңа жарлықты «сот билігінің тәуелсіздігіне кепілдік бермейтін конституцияға қайшы шешім» деп атады.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35