Үкімет • 21 Наурыз, 2022

Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

«Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Табиғатты түлетіп, тіршілік атаулыға жан бітірген әз-Наурыз – еңсесі биік елдігіміздің, береке-бірлігіміздің мерекесі. Ұлтымыздың тарихи тамырымен, қилы тағдырымен бірге жасап келе жатқан ұлық мереке бүгінде бүкіл адамзат баласын бейбітшілікке, ізгілікке үндейтін рухани құндылығымызға айналды.

Тәуелсіздік тарихында аса күрделі кезеңді бастан кешірген халқымыз үшін жаңарған жыл бастауы игі жақсылықтардың жаршысы, іргелі істердің жалғасы болсын. Жаңа даму кезеңіне бет алған егемен еліміздің қуаты арта берсін. Көрікті көктем мерекесі шаңырақтарыңызға шаттық, көңілдеріңізге қуаныш сыйласын. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Ұлыс оң, ақ мол болсын!»,делінген Үкімет басшысының құттықтауында.



 

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03