Білім • 25 Наурыз, 2022

Наурыз айындағы ҰБТ-ның аралық нәтижесі белгілі болды

403 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Наурыздағы ҰБТ кезінде  талапкерлердің 65 пайызы шекті балды жинады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Наурыз айындағы ҰБТ-ның аралық нәтижесі белгілі болды

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Instagram парақшасында жазды.

«Талапкерлердің 65%-ы шекті балл жинады. Орташа балл 65 балды құрады, ең жоғары балл – 134. 28 қатысушының нәтижесі 130 балдан асты. Тестілеуге қатысуға 105 мыңға жуық өтініш келіп түсті, оның жартысынан көбі ҰБТ тапсырып үлгерді. 74,2%-ы қазақ тілінде, 25,6%-ы орыс тілінде, 0,2%-ы ағылшын тілінде тестілеуден өтті», деп жазды ол. 

Наурыз айындағы ҰБТ-ға ерекше білім беруді қажет ететін 130 бала қатысты. 

2022 жылдан бастап ерекше қажеттіліктері бар түлектерге тестілеу тапсырмаларын орындау үшін негізгі 240 минуттан бөлек, тағы қосымша 40 минут уақыт беріледі.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Самокат мінгендерге айыппұл салынады

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:05