Коронавирус • 28 Наурыз, 2022

Қарағандыда бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдайдың тұрақтанғаны байқалды. Бұл ретте Қарағанды облысы бас дәрігерінің орынбасары жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Жаңа қаулыға сәйкес, медициналық ұйымдарды қоспағанда, үй-жайларда, қоғамдық орындарда міндетті түрде маска кию режимін алып тастау туралы шешім қабылданды. Десе де, халық көп жиналатын орындарда, қоғамдық және әуе көліктерінде, ұйымдасқан ұжымдарда медициналық маскаларды пайдаланудың ұсынымдық сипаты сақталды.

Бұдан басқа, «Комирнати» (Pfizer) вакцинациялауға жататын адамдардың контингенті кеңейтілді, ол келесі санаттармен толықтырылады:

  • Осы вакцинамен алдын ала вакцинациялауды алғысы келетін, бастапқы вакцинациялауды алатын адамдар;
  • Түрлі себептер бойынша шетелге шығу үшін қайта вакцинациялауды қажет ететін адамдар;
  • Вакцинациялау курсын аяқтаған, осы вакцинамен алдын ала вакцинациялауды бастағысы келетін адамдар;
  • COVID-19-ға қарсы ревакцинация алатын халықтың барлық топтары.

Барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында:

  • Оқытудың кабинеттік жүйесін сақтауға қойылатын талаптар алынып тасталды;
  • Маска режимін міндетті түрде сақтау.

Бетперде режимін сақтау білім беру ұйымдары әкімшілігінің шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін.

Қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03